Еліміз Қазақстан
Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе
берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15
қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан
Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.
Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде
бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.
Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.
Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды –
қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды,
дамиды, өркендейді.