Аркар туралы шыгарма

0 голосов
45 просмотров

Аркар туралы шыгарма


Қазақ тiлi (60 баллов) | 45 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Арқар (лат. Ovis ammon) – жұптұяқтыларқатарының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі аң; тау арқары туысының сүтқоректі жануары.Дене ұзындығы 110-120 см, шоқтығының биіктігі 65-125 см. Аталықтарының мүйізі 67-190 см, түбірінің жуандығы 22-50 см салмағы 30 кг. Ұрғашыларының кейде қысқа мүйізі болады. Таралуы: Жерорта теңізі аралдары алдыңғы орта орталық солтүстік шығыс Азияда. ТМД кеңістігінде арқардың 10-нан астам түршесі таралған. Олар бір-бірінен көлемі салмағы мүйізінің пішіні мен құрылысы т.б. ерекшеліктерімен ажыратылады. Кейде арқарды бірнеше түрге бөледі: Еуропалық муфлон(О. musimon) үстірт арқары (О. orientalis); Олардың хромосом құрамы әртүрлі (2n=54-56-58) бірақ олардың будандары тұқым береді. Кейде арқарға тек 2n=56 жатқызады. Саны азаюда. 7 түршесі ХТҚО -(1) және КСРО (7) Қызыл кітаптарына енгізілген. Арқар үй қойларымен будандастыруға пайдаланған. Соның нәтижесінде биязы жүнді тау мериносы мен арқармеринос қой тұқымдары шығарылған.[1]


(202 баллов)