Отан – елдің анасы
Ел – ердің анасы
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас
Отанды сүю – от басынан басталады
Отан оттан да ыстық
Ел іші – алтын бесік
Пәлен жерде алтын бар,
Өз жеріңдей қайда бар
Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен де жақсы
Туған жердің жуасы да тәтті
Әркімнің өз жері – жұмақ
Ер елінде,
Гүл жерінде
Өз елінде кортышқан да батыр
Өз елінің иті де қадірлі
Ер туған жеріне, ит тойған жеріне
Өз еліңнің қарғасы артық
Бақа көлінде патша,
Балық суында патша.
Жігіт елінде патша.
Туған жердің ауасы да шипа
Ерінен айырылған көмкенше жылайды,
Елінен айырылған өлгенше жылайды.