Здравствуйте, помогите пожалуйста перевести.Даю 30 баллов. Заранее спасибо!
Мен Ұлы Отан соғысы басталған күннен бері бір ғана моншаға барып жүремін. Оның қараңғылауына да, кірлеуіне де, кейде сағаттап күттіретін кезегіне де бойым үйреніп кетіпті. Басқа моншалардан маған мұның ыстығы да ыстық сезіледі.
– Сүпірга бар ма? – деймін ұйғыр шалына.
Ол маған: – бағ! – дейді. Шынында «бар» да демейді, «бағ» да демейді, мен естіп – білмеген бір дауысты дыбысқа апарып соғады.
– Веник есть? – деймін орыс шалына.
– Ол маған: – есть! – дейді.
– Сыпыртқы бар ма? – деймін едәуір жасқа келіп қалған мосқал қазаққа.
Ол үндемей ғана сыпыртқы әкеліп береді.
Билет он бес тиын, сыпыртқы он тиын. Моншада осыдан басқа не бар сөз боларлық? Мен осы сөз аздыққа үйреніп кеткенім сонша, басқа моншаларға барғым келмейді.
Тим… Тимоша… Ким… Симка… Дим… Димка… осының бәрі бір-ақ адамның аты. Оның шын атын ешкім білмейді. Мен өзім сұраған емеспін. Бұл тыриған арық, денсаулығы қыл үстінде, оқымаған, жұмыскер адам. Жаңағы үндемей ғана сыпыртқы әкеліп береді дегенім осы кісі.
– Оден! – дейді ол моншаның ішкі есігін ашып, алдыңғы залда кезек күткен адамдарға. Бұл оның бір адам кірсін дегені.
– Назат! – дейді, біреудің орнына екі адам кіріп бара жатса.
– Назат!
Кезегіңмен кірсең, билетіңді алады, орныңды көрсетеді, сыпыртқы сұрасаң, – береді. Сырт айналып жүре береді.