«Ел мүддесін ойлаған Баян батыр – ерліктің, отаншылдықтың үлгісі» эссе керек. Сөз саны...

0 голосов
2.5k просмотров

«Ел мүддесін ойлаған Баян батыр – ерліктің, отаншылдықтың үлгісі» эссе керек. Сөз саны 80-100


Литература (12 баллов) | 2.5k просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Қазақ əдебиетінен СОЧ па?!Маған да керек еді

(22 баллов)
0 голосов

Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасының желісі де осыған ұқсас. Поэма аса көркем деңгейде, ерекше шабытпен жазылған. Сезім де, махаббат та, батырлық та, жан күйзелісі де дастанда жыр болып өріледі. Поэмадағы батыр Баян тағдыры ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Шоқтығы биік Баянның бейнесі поэмада былай суреттеледі: - Қанайым, ойың удай, тілің шаян, Амал не, келген жоқ қой батыр Баян. Көп жаудың албастысы, ел еркесі, Баянның батырлығы алашқа аян. Баянның әруақты құр атынан Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ ноян? Наркескен, өрттей ескен қайтпас болат, Баянсыз қанатымды қалай жаям?! Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай, Келмесе қандыбалақ батыр Баян, — деген Абылай сөзінен батырдың хан ордасындағы орны мен беделін байқайсыз. Баян батыр ел рухы мен батыр рухының биіктігін барлық құндылықтан жоғары қояды. Елдің мүддесі Баян үшін қымбат, халқының тағдыры жау табанына басылмауы жолында жан аямай күрескен Баян батыр ерліктің, отаншылдықтың үлгісі.

Қазақ осындай батырлардың арқасында тағдыры мен келешегін қорғап қалды.[2]

(46 баллов)