Қызыл кітап - халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып немесе жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің түрлері бар. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер ерекше қорғауда болады. Бұл өсімдіктерді жұлып тастауға, жинауға қатаң тиым салынады. Қазақстанда өсімдіктердің 140 түрі қызыл кітапқа енген.