Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз. Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттырасыз және уақытты үнемдейсіз . Есеп - қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Осының бәрі компьютердің пайдалы жақтарының бірі. Ал зиян жағын айтар болсақ. Ең бастысы компьютермен көп қолданган жағдайда денсаулығыңыз нашарлауы мүмкін. Мысалы көзге, арқаға, басқа әсер етеді. Сондықтан күніне бір-екі сағаттан ғана отырсаңыз бәрі де ойдағыдай болады.