Менің ең сүйікті арнам ол- Балапан. Бұл арнада көптеген қызықты, танымдық бағдарламалар көрсетеді. Менің ең сүйікті бағдарламам - Жас ғалым. Ол бағдарламада физикалық-химиялық құбылыстармен таныстырады. Энергия, қуат, тартылыс күші күші жайлы айтады. Физикалық формулалармен таныстырып қана қоймай, сол құбылыстың модельін жасайды. Маған бұл бағдарламаның ұнайтын тұсы ғылыми жолға бағытталғаны.