Менің отбасым.
Отбасым- менің Отаным, менің тірегім. Олар: атам-әжем, әкем-анам, бауырларым. Отбасым менің мақтанышым. Отбасында барлық істі бәріміз ақылдасып орындаймыз. Атам-әжем ақылшымыз. Оларды әке-шешем қатты сыйлайды. Олардың ата-әжемді сыйлағаны бізге үлгі. Атам тарихи әңгімелер айтады. Әжем тәрбиелік мәні зор әңгімелерді айтады. Үлкенді сыйлау, құрметтеу, кішіге көмек көрсету - бәрін отбасымнан үйрендім. Үйден сәл ұзап, сапарға шықсам отбасымды сағынып, үйге оралғанша асығамын.