Сіз Диснейлэнд пен Уолт Дисней туралы естіп көріп пе едіңіз?
Уолт Дисней – Микки Маус, Дональд Дак, Плуто, Чип, Дейл сияқты анимацияланған мультфильмдердің авторы ретінде танымал.
Диснейлэнд та Уолт Диснейдің туындысы. Ол 1955 жылы ашылды. Сол кезден бері дүниежүзінің әр түкпірінен 270 миллионнан астам адамы Диснейлэндқа барған. Алып ойын-сауық паркі Калифорниядағы Лос Анджелес қаласының маңында орналасқан және ол төрт бөліктен тұрады: Фэнтезилэнд, Эдвенчелэнд, Фронтиелэнд және Томорроулэнд.
Уолт Диснейдің тағы бір туындысы– Флорида штатында ашылған Уолт Дисней Уорлд. Сіз бұл жерден әлемнің әртүрлі адамдарының тарихи және мәдени "орталықтарын" көре аласыз.