Білім - таусылмайтын байлық әңгіме құрау

0 голосов
271 просмотров

Білім - таусылмайтын байлық әңгіме құрау


Қазақ тiлi (28 баллов) | 271 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Тәуелсіздік алған алғашқы күннен-ақ Қазақстан білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударды. Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын жо­ғары бағалап, экономикалық және қаржылық қиындықтарға қара­мас­тан осы салаға барынша қолдау көрсетті.

Халқымызда “Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады” деген ұлағатты сөз бар. Білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігі, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екендігі белгілі. Расында да, білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық-рухани күш, қуат көзі жоқ екені шындық. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білімге негізгі басымдық беріп отырғандағы басты себебі содан. Өйткені, білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры, ел дамуының алтын арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы білімде жатқанын ұлы Абай да жақсы айтқан: “Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма”, – дейді ол.

(18 баллов)
0 голосов

Білім- қазақ халқының басты байлығы.Білім адамға болашақта керек нәрсе.Білім болмаса адамдар жақсы оку орнына түсе алмас еді,жақсы жұмысқа қабылданбас еді.Сондықтан білім кез келген ортада қолданады.Білім таусылмайтын байлық.

(32 баллов)