Қоңыр балдырлар қайда кездеседі

0 голосов
142 просмотров

Қоңыр балдырлар қайда кездеседі


Биология (12 баллов) | 142 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қоңыр балдырлар (Рһаеорһусеае) — бұл көбінесе теңіз суында өсетін қоңыр түсті балдырлар. Қоңыр балдырлардың 900 шамалы түрі (200 туысы) бар. Бұлар 6 отрядқа бөлінеді олар: эктокарптықтар, сфацеляриялықтар, кутлериялықтар, диктиоталықтар, ламинариялықтар, фукустықтар. Қоңыр балдырлардың кейбір түрі тамаққа пайдаланылады, ламинарияны медициналық диетада қолданады, теңіздің жиегіне толқынмен шығып қалған қоңыр балдырлар тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Мұның күлінен калий тұзы мен иод алынады. Сонымен қатар қоңыр балдырлардан: ацетон, сірке қышқылы, спирт және басқалар өндіріледі. Қоңыр балдырлар [1] (Pha- eophyta), балдырлардың бір бөлімі.
Қоңыр балдырлар табиғатта кең тараған. 2 класқа, 14 қатарға бірігетін 240 туысы, 1,5 мыңға тарта түрі белгілі. Қазақстанда Каспий және Арал теңіздерінде бір-бірден 2 түрі анықталған. Бұлардың тұщы суда өсетін 3 туысынан басқаларының барлығы теңіз өсімдіктері. Барлық теңіздерде әр түрлі тереңдікте (200 метрге дейін) өсе береді. Көпшілігі тереңдігі 6–15 метр жерлерде кездеседі. Қоңыр балдырлар көп клеткалы, өте майда микроскопиялық түрлерден тұрады, талломдарының ұзындығы 50 метрге жететін өте ірі түрлері (макроцистис, пелагофикус) де бар.
Клетка құрамында фукоксантин және әр түрлі ксантофилл пигменттерінің көп болуына байланысты түсі әдетте сарғыш-қоңыр. Қоңыр балдырлардың құрылысы күрделі түрлерінің (саргассум) талломдары бұтаққа ұқсас жапырақ тәрізді қырлы табақшалардан тұрады. Қоңыр балдырдың, әдетте, барлық түрлері су түбіне немесе басқа балдырларға ризоидтары арқылы бекіп тұрады. Олар вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Қоңыр балдырлар – судағы негізгі органикалық зат түзуші болып саналады. Одан альгинаттар (жасанды жібек алу үшін қажет тұз) алынады; маннит, йод, микроэлементтер өндіріледі. Медицинада қанның ұюына қарсы, организмнен радиоактивті заттарды шығаруға арналған препараттар жасауға, әр түрлі тағамдар дайындауға (ламинария, алария, ундария).

(178 баллов)