Машқар бахретдинұлы гумеров кім

0 голосов
93 просмотров

Машқар бахретдинұлы гумеров кім


Қазақ тiлi (12 баллов) | 93 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Машқар Гумеров (1927–2002) - 11 қарашада Башқұртстанның Асқын ауданындағы Күбияз елді мекенінде ауыл молдасының отбасында туған.  1937 жылы үйішімен Солтүстік Қазақстан облысына көшіп келіп, қазақ орта мектебінде оқыған. Ұлты татар болғанымен, шығармаларын тек қазақ тілінде жазады.  1942 жылы сегізінші сыныпты бітірген соң, колхоздың егіс бригадасында есепші болып жұмыс істеген.  Ал 1943–1946 жж. ауыл шаруашылығы техникумында оқып, оны тамамдаған соң, МТСтің учаскелік агрономы болды.  1953 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірді. Главлитода цензор, «Қазақстан пионері» газетінің редакциясында әдебиет пен өнер бөлімінің меңгерушісі, 1957–1977 жж. «Қазақстан», «Жазушы», «Жалын» баспаларында редактор болып қызмет атқарды.  «Ұя» атты алғашқы әңгімесі 1952 жылы «Пионер» журналында жарық көрді. Содан бері жазушының ондаған прозалық кітаптары шыққан.  Кезінде балалар мен жастарға арналған шығармаларға жыл сайын жарияланып келген республикалық бәйгеде сан мәрте (1984, 1985, 1986, 1990, 1994) әр түрлі жүлделі орындарға ие болды. 1990 жылы «Жалын» баспасында жарық көрген «Ортаншы ұл» атты повестер жинағы Қазақстан Жазушылар одағының С.Мұқанов атындағы сыйлығын алды. В.Губаревтің «Павлик Морозов» повесін, қазақстандық орыс жазушысы М.Зверевтің кейбір шығармаларын, болгар жазушысы Роза Хафизованың «Қурайбаланың басынан кешкендері» атты ертегіповесін, башқұрт жазушысы А.Хакимовтың повестерден құралған екі кітабын және басқа да шығармаларды қазақ тіліне аударды. Бірнеше повестері мен әңгімелері орыс тілінде шыққан. «Үздік еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Шығармалары: Ана мен бала. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1956; Үш күн, үш түн. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1958; Асыл дәрі. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1960; Қос шынар. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1963; Жоғалған кілт. Әңгімелер мен ертегілер. А., «Жазушы», 1965; Сүйе ме, сүймей ме?.. Повестер. А.,»Жазушы», 1967; Хазірет қарғаған ауыл. Повесть. А., «Жазушы», 1970; Шыңырау. Повестер. А., «Жазушы», 1975; Тоғыз тосқауыл. Повестер, ертегілер, әңгімелер (екінші басылым). А., «Жалын», 1977; Жұмбақ сәуле. Фантастикалық повесть. А., «Жалын», 1985; Құпия дәптер. Повестер. А., «Жалын», 1987; Ортаншы ұл. Повестер. А., «Жалын», 1990.

(24 баллов)
0 голосов

Хвои ловите это хорошая информация


image
(23 баллов)