Тәуелсіздік күні. Осы күнге жету үшін қаншама аталарымыз, батырларымыз қаза тапты. Сондағы бар арманы осы күнге жетіп, болашақ ұрпақты, бізді уайым-қайғысыз, еркін өмір сүрсін дегендері ғой, әттең-ай! Қаншама ақын-жазушыларымыз атылып кетті, аштықта қырылған адамдар, желтоқсан оқиғасының құрбандары бәрі осы күнді аңсаумен кетті. Қанша қиындық көрсе де төтеп берген,біз үшін құрбан болған жандарды, осы күнге қалай жеткенімізді ұмытпайық!