Талантсыз бала болмайды, тек оның тынысын ашып, дер кезінде бір арнаға бағыттай білу керек. Аталарымыздың: «Жаста берген тәрбие, жас шыбықты игендей» дейтіні де сондықтан. Міне, балаларды осындай игі ізденістерге икемдеп, қиялына қанат бітіріп отырған Мәртөк ауылындағы «Балалардың техникалық шығармашылық орталығы» ММ-інің қол жеткен табыстарын естігенде көңіліміз марқайып қалды. Себебі, бұл аудан орталықтарында жұмыс істейтін жалғыз орталық. Біз орталыққа келгенде оқу жылы аяқталып, өз күштерімен жөндеу жұмыстарына кірісіп те кеткен екен. Орталық директоры Ильдар Шакиров өз әңгімесін орталықтың қалай құрылғандығынан бастады. Оның айтуынша, бұл бұрын милиция, сот ғимараты болған екен, кейін мұнда оқу – өндірістік комбинаты орналасқан