Түннің бір ортасында оянып қалсам, міндетті түрде үнемі осыны ойлайм, барлық адамдарға шексіз жаным ашып, бəрін жақсы көріп кетем. Касымда ұйықтап сіңліме қарап, бишара осы қыз-ақ .......істей алмайақ қойды деп, кемшіл жағын ойлайм. Аяғы қисықтау(жай аяғы түзу емес, сол үшін қысқа көйлек кие алмай, өкінед те жүретін) апама қарап, осы қыздың да аяғы, бишара, деп жаным ашып кетіп, басын сипап қоям. Жеңшемді, ағамды ойлайм. Əсіресе мама папамды, тек осы кезде ғана олардың азғантай өмірі қалғандай боп көрінед, біз, яғни балалары 30ға келгенде олардың қасымызда болмайтынын, бірақ бұндай ойларды ойламауға тырысам сол кезде. Сол кезде қап қараңғы далаға шыққанда білмим сондай бір жапан далада қараңғыда бірөзім қалғандай сезінем. Бірақ таңертең тұрған кезде басқа бөлмедегі үйдегілердің даусын естіген соң, түндегілердің бірде бірі болмағандай боп, бəрі орнына келед