Сөз тіркесі ( орыс. словосочетание ) деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.
Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндадыдеген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:Қайрат баяндады;балаларға баяндады;Досанмен болған;болған әңгіменің;әңгіменің мән-жайын;мән-жайын баяндады.
Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.