Әрине келісемін. Себебі қазақтар үшін домбыра -өте киелі аспап. Біз оны қастерлеп, қадірлеп ұстаймыз. Ерте кездерде халық жазу, оқу білмеген заманда адамдар осы киелі домбыраның көмегіне жүгінген. Қалай десеңіз, бұрынырақта ханның балалары немесе жақындары өмірден өткен кезде күйшілер оны домбыра арқылы жеткізген. Сол кездегі адамдардың көрген жоқшылығын да, ашаршылығын да осы қасиетті домбырамен күй арқылы жеткізген