Қырық күн болды қыс кіргеліЕсенғали РаушановҚырық күн болды қыс кіргелі,Ауыр нәубет жетті елге.Кетіп қалды құстың көбіБасқа мемлекеттерге.Ода оқиды қарға таңнанМәртебелі кысты ән ғып:«Мен хан едім арғы атамнан,Құл еді, - деп, - құс барлық».Айтсын қарға, десін құзғын,Сайран етіп кең ішін.Ерте кеткен есіл күздіңҚырқы бүгін мен үшін.