О ЧЕМ ГОВОРИТСЯ В ДАННОМ ТЕКСТЕ, НАПИШИТЕ ПОЖАЛУЙСТА НА КАЗАХСКОМ И НА РУССКОМ
Кәрім деген мешер өзі жұмысқа тәуір жігіт те болса, жуынып кірсіз көйлек киіп таза жүрумен ісі жоқ еді. Әркім айтушы еді:
— Саған не болды, Кәрім, бойыңнан кіріңді ағызып жүргенше, жуынсаң болмай ма? — деп.
— Қолым тимейді, — деуші еді ол.
Сөйтіп жүріп, тұла бойын шиқан қаптап және қотыр болды. Бұл күйде құрысып-тырысып жатқанында, әркім сұрайды:
— Кәрім, саған не болды? — деп.
Кәрім айтады екен:
— Күнәм үшін құдайдың бір берген сазайы-дағы, — деп.
Оған қарсы таныстары:
— Рас, Кәрім, құдайтағала таза жүрмеген былғаныш кісіні сүймейді, тым болмаса жұмасына бір моншаға түсіп, не болмаса үйіңде сабынмен жуынуды әдет етсең, бұл бәлеге душар болмас едің.
Сонымен Кәрімді ауру жататын үйге алып барып, таза жуындырып, таза киім киіндіріп, ем қылған соң, аз ба, көп пе жатып жазылды. Мұнан шыққан соң, Кәрім бір заводқа барып жалданыпты. Өздеріңе де белгілі шығар, заводта нәрсе бояйтын бояулардың қайсысы у болады. Бір күні қожасы Кәрімге бір бояуды былғап қой деп беріпті. Былғап отырып-отырып, кәдімгі үйренген қалыбынша, қолын жумастан барып, тамаққа отырып, нан жепті. Қолындағы бояудың жұғынының бәрі де жеп отырған нанына жабысып отырғанда, бір мезгілде Кәрімнің іші бүрісіп, ауыра бастапты. Әрлі-берлі, олай-бұлай аунақшып, біраз жатып, Кәрім ұзамай-ақ жан тапсырыпты, әлгі бояу у бояу екен.
ЗАРАНЕЕ СПАСИБО!!!