Маленький стих Магжана жумабаева с переводом
АНА
Үйдің іші ұйқыда,
Түн ортасы шамасы,
Бесікте ауру бөбекті
Тербетіп отыр анасы.
Үнсіз меңіреу ұзын түн
Азнап жел есіктен,
Шұқиып отыр анасы
Көзін алмай бесіктен.
Бөбек жатыр балбырап
Демігіп қызып, қысылып,
Ауық-ауық селк етіп.
Әлденеден шошынып
Селк етсе бөбек, ананың
Өзіне ажал жеткедндей.
Жүргенде біреу біз
сұғып алып кеткендей...
Үнзіз меңіреу ұзын түн,
Шөккен қара бір нардай,
Сарғайып ана сарылып,
Шоқиып отыр дем алмай...
Таң алдында қара бұлт
Күңіреніп көкті жабады,
Бөбегінің бетіне
ананың жасы тамады
а поменьше нет