Писать сказку красная шапочка ** Казаском языке !

0 голосов
59 просмотров

Писать сказку красная шапочка на Казаском языке !


Қазақ тiлi (182 баллов) | 59 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов
Правильный ответ

Баяғыда бір қыз болыпты. Бір күні оған шешесі қызыл телпек сыйлапты. Қыз телпекті ешқашан шешпепті. Сондықтан жұрт оны қызыл телпек деп кетіпті.

Бір күні шешесі самса пісірді.

–Қызыл телпек, самса мен майды әжеңе апар, жолда ешкіммен сөйлеспе, – деді шешесі.

–Жарайды, – деді Қызыл телпек.

Қызыл телпек самсаны, майды алды, әжесіне кетті. Жолда ол қасқырды көрді.

–Қызыл телпек, сен қайда бара жатырсың?

– Әжеме бара жатырмын.

– Әжең қайда тұрады?

– Әжем шеткі үйде тұрады.

Қасқыр қысқа жолмен жүгіріп кетті. Ол үйді тез тапты. Қасқыр есікті түртті.

–Бұл кім? – деді әжесі.

– Бұл мен, Қызыл телпекпін, – деді қасқыр жіңішке дауыспен. – Сізге самса мен май әкелдім.

– Жіпті тарт та, кір.

Қасқыр жіпті тартты, үйге кірді. Сосын әжені жеп қойды да, төсекке жатты. Бір уақытта Қызыл телпек келді, есікті түртті.

– Бұл кім? – деді қасқыр жіңішке дауыспен.

– Бұл мен, Қызыл телпекпін, сізге самса мен май әкелдім.

Қызыл телпек жіпті тартты да, үйге кірді. Қасқырға жақындады, сосын:

–Әже, әже, неге сіздің көзіңіз үлкен?

–Сені көру үшін.

–Әже, әже, неге сіздің қолыңыз үлкен?

–Сені құшақтау үшін.

–Әже, әже, неге сіздің аяғыңыз үлкен?

–Жақсы жүгіру үшін.

–Әже, әже, неге сіздің құлағыңыз үлкен?

–Жақсы жүгіру үшін.

–Әже, әже, неге сіздің тісіңіз үлкен?

–Сені жеп қою үшін, – деп қасқыр Қызыл телпекті жеп қойды.

–Сол кезде аңшылар үйге кірді. Олар қасқырдың ішін жарды.

–Одан Қызыл телпек пен әжесі шықты. Сөйтіп олар аман қалды.

(1.8k баллов)
0 голосов
Eртеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі еді. Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты. Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты. Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл телпек» деп атап кетіпті. Бір күні анасы бәліш пісіріп, қызына:
– Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып, халжағдайын біліп қайтшы, – дейді. 
Қызыл телпек:
– Жарайды, анашым, апарып берейін, – деп бәліш пен май салынған себетті алады.  Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады. Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді. Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп, асықпай жүрді. Бір кезде орманның ішімен келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр шыға келеді. – Қызыл телпек, сен қайда барасың? – деп сұрайды қызды жегісі келген қасқыр. 

– Мен әжемнің үйіне барамын, оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын, – дейді қыз.
Қызыл телпек қасқырдың жаман пиғылынан бейха бар  еді.  – Ал әжең қайда тұрады? – деп сұрайды қасқыр. 
– Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда, ауыл шетіндегі диірменнің жанында, диірменнің жанындағы бірінші үйде тұрады, – деп Қызыл телпек қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл айтып береді. Бұл кезде жақын маңда отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын. Қасқыр сол отыншылардың даусын естіп, қызға тиіспейді. Қызыл телпектің әжесінің тұратын жерін біліп алған ол алдымен әжесін жемек болады. 

– Жарайды, мен де сенімен бірге сол ауылға барып, әжеңнің жағдайын сұрап қайтайын. Кел, екеуіміз жарысайық, әжеңе қайсымыз бірінші жетер екенбіз? Сен мына жолмен бар, мен  ана жолмен жүрейін, – деп қасқыр өзіне ауылға апарар төте жолды таңдап алады. 
Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі. Ол жол-жөнекей асықпай гүл теріп келеді. Ал қасқыр алды-артына қарамай, тура ауылға қарай бет алады. Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол есікті қағады.  – Тоқ-тоқ-тоқ!
– Бұл кім? – деп сұрайды әжесі. 
Қасқыр дауысын жіңішкертіп:
– Әже, бұл мен ғой, немере қызың – Қызыл телпек, мен сізге қонаққа келдім, анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім, – дейді.

Бұл кезде ауырып, төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп ойлап: – Айналайын қызым, тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң, есік ашылады, – дейді дауыстап. Қасқыр жіпті тартып қалады, сол кезде есік ашылады. Үш күн аш жүрген қасқыр баса көктеп кіріп келеді. Ашқарақтанып бірден әжейді бас салады да бүтіндей жұта салады. 

Содан соң есікті жауып, басына әжейдің қалпағын киіп, көзіне көзілдірігін тағып, төсегіне жатады да қыздың келуін күтеді. Сәлден соң есікті Қызыл телпек қағады. – Тоқ-тоқ-тоқ!
– Бұл кім? – дейді жуан дауыспен, тойып алған қасқыр. 
Қыз гүрілдеген дауысты естіп, қорқып кетеді. Артынша «Әжеме суық тиіп, дауысы содан өзгерген болар» деп ойлайды.
– Бұл мен, сіздің немереңіз – Қызыл телпекпін! Мені сізге анам жіберді. Бәліш пен бір құты май алып келдім.  Қасқыр дауысын өзгерте қойып, жіңішке дауыспен:
– Тұтқаның жанындағы жіпті тарта ғой, қызым, сонда есік ашылады, – дейді.  Қыз жіпті тартады, есік ашылып, үйге кіреді. Көр пемен бүркеніп жатқан қасқыр оған:
– Қызым, себетті үстелдің үстіне қойып, өзің менің қасыма кел, – дейді.  Қызыл телпек бәліш пен май құйылған құты салынған себетті үстелдің үстіне қойып, қасқырдың жанына жақындайды.Қасқыр енді:
– Жолдан шаршаған боларсың, қасыма кеп жата ғой, – дейді. Әжем деп ойлаған Қызыл телпек қасқырдың жанына жатады да:
– Әже, әже, сіздің қолыңыз неге үлкен? – деп сұрайды.
– Сені қатты құшағыма басу үшін, қызым. 
– Әже, әже, құлағыңыз неге сондай үлкен?
– Сені жақсы есту үшін, қызым. 
– Әже, әже, көзіңіз неге үлкен?
– Сені жақсы көру үшін, қызым.  – Әже, әже, тісіңіз неге сондай үлкен?
– Сені тезірек жеу үшін, қызым-ау! – деп Қызыл телпекті бас салып, аяғындағы кебісі, қызыл телпегімен бірге жұта салады.  Байғұс қыз айғайлапта үлгермейді. Бірақ, бақытына қарай, дәл осы сәтте үйдің қасынан бір отыншы өтіп бара жатқан еді. Отыншы қасқырдың дауысын естіп, үйдің терезесінен қарайды. Үй ішінде, төсекте орнынан қозғала алмай жатқан қасқырды көреді. Оның қампиған қарнына қарап, не болғанын бірден түсіне қояды.  Отыншы жыртқышты ұстап алып, қарнын жарып жібереді. Қасқырдың ішінен Қызыл телпек пен әжесі дін аман шыға келеді. Отыншы қасқырдың қарнын қайта тігіп, бос қоя береді.

Қызыл телпек пен әжесі отыншыға алғыстарын білдіреді. Әжесі шай қойып, немересі әкелген бәліштерді себеттен шығарып, дастарқан жаяды. Сөйтіп үшеуі жақсылап тұрып шай ішеді. Әңгімедүкен құрады. Қасқырдың сыбағасын қалай бергендерін айтып мәз болады.



(56 баллов)