Ответьте на вопросы на казахском
прочтите текст и ответьте на вопросы
Жошы ханның жалғыз ұлы құлан аулауға құмар екен. Аңшылық қатерін білетін әкесі ұлын аңға жалғыз жібермейді екен. Бірақ бір күні әкесінен жасырынып жалғыз кетеді. Құланның қалың үйіріне тап болған ханның жалғыз ұлы құланды біртіндеп құлата береді. Сөйтіп оғынның таусылғанын білмей де қалады. Оны білген ақсақ құлан ханның ұлын тартып өлтіреді. Жоғалған баласын іздестірген хан оның бір нәрсеге ұшырағанын сезеді де, "егер кімде-кім менің баламды өлді деп естіртетін болсы, оның көмейіне қорғасын құямын" деп жарлық береді. Ханның жарлығын естіген жұрт хан баласының қаза болғанын естірге алмайды. Сөйтіп, сол өңірдің атақты домбырашысы келіп, "сөйлейтін мен емес, домбырам" деп "Ақсақ құлан" күйін тартады. Сөйтіп хан қорғасынды домбыраға құяды. Содан бері домбыра екі ішекті болып қалғанды-мыс.
1. ханның ұлы неге құмар еді?
2. аңшылық катерін біле тұра хан не істеген екен?
3. аңшылықта Жошы ханның ұлы неге тап болды ?
4. ақсақ құлан не істеді?
5. хан нені сезеді?