Мен əкемен мақтанамын шығарма

0 голосов
107 просмотров

Мен əкемен мақтанамын шығарма


Қазақ тiлi (22 баллов) | 107 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Еліміз егемендік алып, еңсеміз көтеріліп, елдігіміз бен теңдігіміз теңеліп, дініміз бен тіліміз қайта жаңғырып, тәуелсіз қазақ елі біршама жетістіктерге жетті. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған бабаларымыз бен даналарымыздың артында қалған армандары мен аманаттары орындалып, көп ұлтты қазақ елі жиырма жылдың ішінде біршама өркендеп, экономикасы мен әлеуметтік жағдайы көтеріліп, әлемнің дамыған елдерінің қатарынан көрінді. Атап айтсақ, дамыған мемлекеттер арасында ЕЫҚҰ мүшелігіне қабылдануымыз. Тұңғыш рет елімізде Азиада алауы тұтанып, қазақ елінің мерейі үстем болды. Ел болып егеменді қазақ елі,Алматым сұлу көркі асқақ еді.Жөнелтіп ұлы көшті Арқа жаққа, Нұр ағам нұрлы жолға бастап еді. Біздің осындай мақтанышпен қарайтын Алматы және Астана қос қаламыздың келбеті әлем тарихынан орын алды.Астана қаласы азғана уақытта салтанатты гүлденген қалаға айналды. Бұл Тәуелсіз елімнің басына қоған бақыты екені айқын.Қазақ елінің терезесі теңеліп, осында тұратын елімнің ынтымағы мен татулығы жарасқан. Тәуелсіз еліміздің ертеңі, болашағы қазіргі жастар мен жас жеткіншектер біздің келешек ұрпақтарымыз. Келешекте қазақ елі бұдан да үлкен жетістіктерге жетуіне әрбір азамат өз үлесін тигізіп, ат салысса нұр үстіне нұр болар еді. Қазақ елім, тұғыры биік алыпсың,Егемен елім тарихыңа қанықпын.Көгілдір туың көгінде мәңгі желбіреп,Берекесі мен бірлігі артсын халықтың! Тәуелсіз қазақ елінің айы оңынан туып, биіктерден көріне берсін.


(136 баллов)