Қазақстан өз тәуелсіздігін ресми түрде 1991 жылы қабылдады. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. Әр жыл сайын 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні болып аталып өтіледі. Қазіргі таңда Қазақстанның өз мемлекеттік рәміздері, Ата Заңы бар. Рәміздерге Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран жатады. Қазақстанның туында күн, күн астында қыран бейнеленген, тудың шет жағы ерекше орнаментпен әшекейленген. Елтаңбада шаңырақ,екі қос қанатты пырақ, қызыл жұлдызша мен Қазақстан деген жазуы бар.Әнұранның әнінің авторы Ш.Қалдаяқов. Ал сөзі Ж.Нәжімеденов пен Н.Назарбаевтікі. Қазіргі Қазақстан – егемен, демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет. Әрине, бізге айға ұмтылу бар. Ғылымды даму,
ауылдарды демесу, жемқорлықты жою керек. Бірақ барлық Қазақстан
жетістіктері алда болады. Мен сенемін.