Қазақ халқының қару-жарақтары туралы эссе

0 голосов
112 просмотров

Қазақ халқының қару-жарақтары туралы эссе


Қазақ тiлi | 112 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары – соғыс құралдары мен киім-кешектері. Көшпелілік өмір салтын 20 ғасырдың басына дейін сақтап келген қазақтарда қару-жарақтың өзіндік этникалық сипаты қалыптасты. Қазақтың дәстүрлі қару-жарақтары ат үстінде соғыс жүргізуге сәйкестендіріліп жасалған, олар шұғыл қимылға ыңғайлы, жеңілдігімен ерекшеленді. Ол қазақ халқын құраған ру-тайпалардың әскери өнері негізінде қалыптасты және тарихи себептерден көрші халықтардың ықпалымен жетілдіріліп отырды. Қару-жарақтар екі үлкен топқа бөлінген: 1) шабуыл құралдары – қару; 2) қорғаныс жабдықтары – жарақ. Шабуыл қаруларына ер қаруы саналатын бес қару жатады (қ. Бес қару). Оған қоса қосалқы қарулар: қанжарпышақселебе кіреді. Қорғаныс жарақтарына денеге киіліп кеудені қорғайтын сауыттаршарайнадулыға, қол-аяқты қорғайтын қосымша жарақтар (жеңсе, балтырлық, т.б.) жатады. [1]

(777 баллов)