Қазіргі дамыған заманда оқушылардың көп бос уақыты жоқ.Көбінесе бір күннің жартысы мектептегі оқуға кетеді,үй тапсырмасын орындаумен және кружоктарға барумен өтеді.Менің бос уақытым болғанда мен оны өзіме арнап,кітап оқып немесе фильм қараймын.Егер ауа райы жақсы болса,онда мен қыдыруға барамын және достарыммен кездесіп,бірге әртүрлі нәрселерді талқылаймыз.Егер ауа райы жаман,салқын немесе жаңбыр жауса, онда мен үйде қалып достарыммен әлеуметтік желілерде әңгімелесемін.
Ең қызықты уақыт бұл демалыс!Өте көп бос уақыт болады.Кейде мен ата-анаммен қыдырып немесе ата-әжеме барамын.Мен онда үй шаруасына көмектесемін және мен барлық отбасы мүшелері жиналып,кешкісін бір үстел басына отығанды жақсы көремін.Үлкендер өздерінің жас кездерін еске алады.Бос уақыт бізге армандауды және өткенді,болашақты ойлауға мүмкіндік береді.