Адам бойында қандай да бір сезім белгілі бір адамға, затқа, табиғатқа, тіршілікке байланысты туындайды. Сен көрмеген, білмеген, сезбеген нәрсеге қандай сезім болуы мүмкін. Олай болса, достық сезімі де, сен белгілі бір адамды көріп, біліп, араласқаннан соң туындайды деп ойлаймын. Достық сезім адамның бойында туылғаннан болмайды және өсе келе де қалыптаспайды, ол нағыз досты көргенде ояанатын сезім.