Баяғыда бір алып шаһар болыпты. Ол шаһарда ешқандайда бағдаршам болмаған екен. Сол себепті де, ол шаһардағы көліктер жол ережесін білмей, үнемі бір-бірімен соқтығысып қала береді екен. Көліктердің кесірінен шаһардағы адамдар да көшеге шығудан қалған.
Бір күні бір кішкентай бала түрлі түсті қағаздармен ойнап отырады. Қызыл, сары, жасыл түсті қағаздар баланың ойына ерекше ой салады. Бала сол түстерді қолына ұстап, көшеге шығады да көліктерді ары-бері жөнелтеді екен. Сол кезде кішкентай баланың жасаған ісін үлкен адамдар əрі қарай жалғастырып кетеді. Баланың жасаған бағдаршамы алып шаһардағы ең ерекше бағдаршам болып қала береді.