Конактын кандай турлери бар?

0 голосов
139 просмотров

Конактын кандай турлери бар?


Қазақ тiлi (12 баллов) | 139 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Арнайы қонақ. Ол – әдейі шақырылған ағайын-туыс, дос-жаран, көрші-қолаң, құ- да-құдағи, сыйлы, құрметті кісілер.
       Құдайы қонақ. Бұлар – шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп сапарын- да көлігі болдырып немесе жолдан адасып, шаршап, тынығу үшін қонған тосын, бөгде қонақ.
    Қыдырма қонақ. Үйден-үйді, ауылдан-ауылды кезіп, ерігіп желіккен, үлкенге сәлемшіл, кішіге баташыл, әжені аялап, жеңгені паналап, ағаға жол, ініге жел бергіш «кіріп-шық» кезбе қонақтарды осылай атайды.

      Қылқыма қонақ.  Ол– ауыл ішіндегі, үй аралығындағы түтіні түзу шыққан үйді торып, құлқынын тойдыру үшін қолына тигенін, аузына түскенін қылқытып жалмай беретін ашқарақ, ар мен ұятты белге буған   тойымсыз, қонақ.
       Құтты қонақ.  Қазақ халқында: «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады», – деген на- қыл бар. Бұл мейман – келген кезінде түскен отбасында бір жақсылық, қуаныш болатын қонақ.
       Ерулікті қонақ.  Қоныста отырған ауыл үстіне көшіп келген отбасын құрметтеп, ерулік асқа шақырылған қонақ.

      

(117 баллов)