Жылдың төрт мезгілінің бірі-қыс. Қыс мезгілін балалар асыға күтеді. Себебі, қысқы каникул бар. Жаңа Жыл мерекесі бар. Қыста дала аппақ қар жамылады, айнала аппақ қар, күмістей жалтырап тұрады. Ауа қандай тап-таза. Ағаштарда аппақ қырау тұрады. Денсаулыққа пайдалы ойындардың түр-түрін ойнауға болады. Қар атып, шанада сырғанап, коньки, шаңғы теуіп рахаттанасың. Неткен керемет!