Денсаулық ең басты байлық!
Ал денсаулықты сақтау үшін əр адам гигиена ережелерін бұзбауы тиіс.
Жеке гигиенаның басты аспектісі — күніне екі рет (таңертең және жатар алтында) тіс тазалау болып саналады. Айына бір рет тіс щеткасын ауыстырып, жарты жылда бір рет тіс дәрігеріне қаралуды әдетке айналдыру керек. Тері күтімі де өте маңызды. Гигиена болу үшін душты таңертең және кешке қабылдау қажет! Есіңде болсын, отбасы мүшелерінің әрқайсысында жеке орамалы мен төсек жабдықтары болуы тиіс. Төсек жабдықтарын 7-10 күнде 1 рет ауыстырып тұру керек. Жататын төсек орның жайлы болуы керек. Ұйықтар алдында бөлмені желдетіп алып, жатарда киетін киім киген абзал.