Жер бетіндегі тіршілік үшін судың мәні зор . Су болмаса , өсімдік өспейді . Жануарлар да , адам да сусыз тірішілік ете алмайды . Фабрикалар мен зауыттардың жұмысына да су қажет .Сусыз ас дайындау да мүмкін емес . суды ішеміз , сумен жуынамыз , кір жуамыз .Мұхит , теңіз , өзен – көлдер табиғатқа ерекше тартымдылық түр береді . Өзен – көлдердің жағасы керемет демалыс орны ретінде пайдаланылады.
Жер бетінде су көп . Бірақ мұхиттар мен теңіз сулары ащы болып келеді.Адамның пайдалануына тұщы су қажет . Тұщы сулар өзен – көлдерде , мұздықтарда және жер астында кездеседі . Жер бетінде тұщы су қоры күннен – күнге азаюда . Оның азаюына адамның әсері көп .
Жер бетіндегі әр адам суды қорғауы тиіс . Зауыт , фабрикалардан шыққан қалдықтарды өзен – көлдерге ағызбаған дұрыс . Ауылды жерде су қоймаларына мал фермасының лас қалдықтары түспеу жағы қадағаланады.
Жер бетіндегі тұщы судың азайғандығын әр адам ескеруі тиіс . Суды үнемді пайдалану керек .