Тұтынушылар арасында киім таңдауға қатысты ерекше үрдіс пайда болды. Заманның ағымына қарай жастармен қатар аға буын өкілдерінің де белгілі бір брендке сұранысының өсуі аңғарылады. Олардың бір ғана өндірушінің тауарына таңдау жасауының сыры неде екен? Бір ғажабы, ол үшін бұйымның түр-түсі, ыңғайлылығы, жарасымдылығы, бағасы маңызды емес. Тек өзі қалаған бренд болса бас-көз жоқ сатып алуға құмбыл. Әуелі бренд дегеннің не екенін түсініп алайық. Ол сауда маркасы ма, әлде жаңа технология ма? Тауар, немесе қызмет түрі ме? Қазіргі кезде бренд болып табылмайтындар кемде-кем. Дегенмен, кез-келген ұйым, мекеме, музыка, кино, кітап, телеарна, бағдарлама да бренд болып есептелгенімен, оның көбісінің шын мәніндегі сапалық деңгейі, тұтынушы сұранысына ие болуы күмән келтіреді. Қаладағы Әл-Фараби сауда орталығында сатушы болып жұмыс істейтін құрбымның әңгімесі мені еріксіз таң қалдырды. Сауда орталығына келген тұтынушылардың басым бөлігі әдетте «ZARA», «DKNY» немесе «CНANEL» фирмасының көйлегін, аяқ киімін немесе сөмкесін сұрайды екен. Егер аталған өндірушілердің тауары болмаса, өзгесіне көңіл аудармайтын көрінеді.осы болады