Қазақстан жерінде ежелгі қалалар өте көп. Мысалы: Жаңакент, Суяб, Ашынас, Сауран, Сарайшық, Қимақия, Баласағұн, Отырар, т.б. Қазақстан жеріндегі ежелгі қалалар негізі 3 бөліктен тұрған:Цитадель, Шахристан, Рабад. Цитадельде қала басқарушысы тұрған. Ал шахристанда көбінесе ақсүйектер тұрған. Рабадта шаруалар, қарапайым халықтар тұрған. Және қала қамалмен қоршалатын. Қалалардың көбі сауда және қолөнер орталықтары болатын. Суяб, Жаңакент, Баласағұн, Самарқан, Қимақия, Карантия деген сияқты қалалар түркі қағандарының ордасы болған.