Напишите пожалуйста сочинение "казахские танцы" ** казахском

0 голосов
42 просмотров

Напишите пожалуйста сочинение "казахские танцы" на казахском


Қазақ тiлi (12 баллов) | 42 просмотров
0

Срочно

Дан 1 ответ
0 голосов

Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстет. болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымынайшықтайтын өнер ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық,балгерлік үрдістерін күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды. Ежелгі билердің канондық түрлері бізге жетпеген. Бірақ халық арасында би қимылдарын меңзейтін идеялар ұлттық ойындар мен салт-жораларда сақталған, тарихи және этногр. деректерде қалыптасу негіздері барлығы аңғарылады. Жиын-тойларда жұрт көңілін көтеретін күлдіргіш-қуақылардың өнерлерінде би қимылдары мол қолданылды. Қазақ биі көшпелі малшының тұрмыс-тіршілігін, табиғат көріністерін ұлттық таным-талғамға сай көркем бейнеледі. Қазақ биі өнерінің кәсіби деңгейге көтеріліп, сахна төріне шығуы, Қазақ мемл. музыка театрының (қазіргі Абай атынд. Қазақ мемл. академиялық опера және балет театры) шығарм. тарихымен тығыз байланысты (қ. Қазақ балеті). Халық бишісі Ысқақ Быжыбаев Мәскеу қаласында өткен КСРОхалықтары билерінің Бүкілодақтық фестивальдеріне қатысып, 1936 ж. екінші жүлдені, ал 1940 ж. бірінші жүлдені иеленді. Биші осы өнер сайысында домбыраның сүйемелдеуімен “Насыбайшы” және “Масқарампаз Қара жорға” билерін билеген. Халық биін тұңғыш кәсіби сахнаға шығарған таланттардың қатарында Ш.Жиенқұловамен Ә.Ысмайлов болды. Бұл екі өнерпаз да арнайы би мектебінен өтпей-ақ кәсіби би өнерін шебер меңгерген.[1] Қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Жиенқұловадан бастау алған би өнері бірнеше ұрпақтың рухани байлығына айналды. Жиенқұлова – 1936 ж. Мемл.филармония жанынан би ансамблінқұрды. Халық биінің тез қарқынмен дамуына 1955 ж. құрылған Мемл. ән-би ансамблі зор үлес қосты. Ансамбльді реж.-хореограф. Л.Д. Чернышова, комп. Б.Байқадамов, балетм. А.Бекбосынов ұйымдастырды. 1989 ж. құрылған “Салтанат” би ансамблі М.Төлебаев, Байқадамов, Л.Хамиди, С.Мұхамеджанов, Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, т.б. композиторлардың шығармаларын сахнада бейнеледі. “Саяхатта”, “Алатау баурайында”, “Жайлауда”, “Аққу қыздар” вокалды-хореогр. композициялармен бірге “Кілемшілер”, “Жігіттер биі”, “Бүркітші”, “Қос алқа”, “Асатаяқ”, “Биші қайың”, “Шолпы” және “Салтанат” билері ансамбльдің шығарм. бет-бейнесін айқындады. Қазақстан ән-би ансамбліТМД елдерінде, АҚШ, ГДР, Венгрия,Швейцария, Франция, Англия, Түркия,Корея, Қытай, т.б. елдерде өнер көрсетті. ҚР еңб. сің. артистері: Б.Черноусов, З.Розмухамедова, Р.Есламғалиева, Ә.Ысмайылов, Б.Байжұманова, Н.Әлдібеков, У.Усина, Д.Нұрғалиева (Андасбаева), Н.Ножкин әр жылдары осы ансамбльде өз өнерлерін көрсетті. Қазақтың фольклорлық-этногр. билерінің кәсіби сахнаға шығуында мемл. “Алтынай” би ансамблінің рөлі зор болды. Ансамбль репертуарынан, аңыз-ертегілерге, салт-дәстүр мен еңбек тақырыбына, ойын түрлеріне қойылған ұлттық би өнерінің алуан үлгісін көруге болады.

(253 баллов)
0

оно огромное!