Шыгарма менин туган кун

0 голосов
219 просмотров

Шыгарма менин туган кун


Қазақ тiлi | 219 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Бүгін яғни, ақпанның 9-ы күні Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Мұқағали Мақатаев дүйім қазаққа таныс, ешқандай анықтаманы қажет етпейтін тұлға. Біз, яғни жастар ол кісіні көрмесек те, оның өлеңдерін оқып өстік, тебірендік. Ақын туралы естеліктер болса, қолымызға тигенін оқыдық. Кішкентай кезімде менің алдымдағы әпке-ағаларым айтып отыратын: “Мұқағали оқуға екі-ақ сөзбен шығарма жазып түсіп кеткен екен. Абай туралы шығарма жазу қажет болса керек. Сонда ақын дәптердің парағына “Абай - Гималай” деп жазып кетіпті” деп. Сонда мен Гималай деген не деп сұрай беріппін ғой.:) Тағы да менің есімнен мынау кетпейді. Қайдан оқығаным есімде жоқ, Мұқағали кезінде радиодағы таңғы бағдарламаны жүргізсе керек. Сонда былай бастайды дейді: “Сәлем, құрметті тыңдарман қауым! Сәлем, Қарасаз! Лашын, балалар аман ба?” деп. Сондай ақ, менің есімнен ақынның күнделігіне жазып кеткен мынадай жолдар кетпейді: “мен өлең жазбаймын, маған біреу өлеңді құлағыма сыбырлағандай болады, мен соны көшірем, сенесіз бе?” (есімде осылай қалыпты, кешірім өтінем)Мен жақында мына бір сайттан Мұқағалидың дін жайлы өлеңдерін тауып алдым. Бұл өлеңдер сирек жарияланған көрінедіАллаһ – ақиқат, Аллаһқа сеніп өтем,
Адалдық пен ақиқат серік екен.
Адаспаймын, Аллама сеніп өтем,
Арамдыққа баспаймын жолы бөтен!
Я, Аллаһ! Жаратушым! Қорғаушым!
Өзің өмір, Өзің құат. Қорғансын!
Іші өртенсін, дұшпандарым долдансын.
Достарым кеп демесін бір, қолға алсын.
Я, Аллам! Жаратушы жалғыз ием!
Медет бер, жапандағы жалғыз үй ем.
Хал сұрар, жәй түсінер бір пенде жоқ,
Жүрек – жүн, ойым – опат, жанды жүйем.
Я, Аллаһ! Жаратушым! Қорғаушым!
Өзің өмір, Өзің құат. Қорғансын!
Іші өртенсін, дұшпандарым долдансын.
Достарым кеп демесін бір, қолға алсын.
Я, Аллам! Жаратушы жалғыз ием!
Медет бер, жапандағы жалғыз үй ем.
Хал сұрар, жәй түсінер бір пенде жоқ,
Жүрек – жүн, ойым – опат, жанды жүйем.
Ал келесі жолдарды бәріміз жиі естігенбіз:
Дін – ғылымның анасы,
Дін – ғылымның әкесі.
Ғылым – діннің баласы.
Дін – ғылымның көкесі.
Жалпы өз басым Мұқағалидың өлеңдерін әрдайым оқыған кезде ерекше сүйсініп оқимын. Байқайсыздар ма, кітап дүкендерінде ақынның өлеңдері көп тұрмайды. Бірден көпшілік алып кетеді. Ендеше ол жұртқа керек. Жұртқа Мұқағали керек. И. Тургенев айтқан екен ғой: “Ресей менсіз-ақ өмір сүре береді, ал менің онсыз күнім қараң ғой” Алайда егер қазақ поэзиясында Мұқағали жоқ болса, оның орны үңірейіп тұрар еді.
Бүгін менің туған күнім о, пәлі-ай!Бұл адамдар неге жатыр тойламай?Банкет жасап берер едім амал не,Құдай мені жарытпай-ақ, қойғаны ай!Мынау дүние неге жатыр үндемей,Алаулатып той шоқтарын үрлемей,Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,«Мынау – атың,мынау – шапан» мін демей!Мына жұртқа жақпадым ба, әлде мен,Бекер өмір сүргенім бе, әлде менХалқым, сенің қасиетіңді білем деп,Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?!Тойланбаса, тойланбасын не етейін,Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін,Қаламымды берші, маған бәйбіше!Болашаққа арыз жазып кетейін
(64 баллов)