16. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Қаздар, үйректер жылы жаққа ұшып кетті.
В) Оған аудармашы болу қиын, дегенмен қызмет атқарып жүр.
С) Бүгін күн бұлтты болады, оқтын-оқтын жаңбыр жауады.
Д) Бүкіл жайлау елінен, қырдан қонақтар келе бастады.
Е) Көрші отырсақ та, кездесе беруге уақыт жетпейді.
17. Себеп бағынынқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Бала жақсы болу үшін жақсы тәрбие керек.
В) Егер мен шақырсам, досың бізге келер ме?
С) Біраз жүргеннен кейін, әкесінің қолынан бір шие түсті.
Д) Абай әкесі кеткелі, үйден шыққан жоқ.
Е) Қонақ үй болмағандықтан, досымның үйіне келдім.
18. Құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
А) Қар аралас жаңбыр жауды. В) Күн суық болды. С) Күн аса суық болмағанымен, ызғары бар. Д) Үйлердің төбесін, ағаштарды, терезені қырау басты. Е) Табиғаттың көрінісі тамаша!
19. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Қар жауса, балалар қуанады. В) Сен оған айтқан соң, мен үндемедім. С) Олар су ішіп, шөлдерін қандырды. Д) Күн жарқырап тұрғанмен, қатты аяз. Е) Сабақ оқуға уақыттары аз бола тұра, емтиханды жақсы тапсырды.
20. Құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Олар екі-үш күн ерте келгенімен, ешкімге жолыға қойған жоқ. В) Ербол кеше сабаққа кешігіп келді. С) Мен оған ренжи қарадым. Д) Немересі қатты қуанды. Е) Шешесі қызына сүйсініп те, мақтанып та қарады.
21. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.
А) Ақшамыз болмағандықтан, біз циркке барған жоқпыз. В) Баласы жақсы оқысын деп, әкесі көп кітап әкеліп берді. С) Олар су ішіп, шөлдерін қандырды. Д) Оладамдар еститіндей қаттырақ сөйледі. Е) Емтихан тапсырғаннан кейін, үйге барамыз.
22. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Автобус бірде тез жүреді, бірде баяу жүреді.
А) Кезектес салалас құрмалас сөйлем. В) Іліктес салалас құрмалас сөйлем. С) Талғаулы салалас құрмалас сөйлем. Д)Сабақтас құрмалас сөйлем. Е) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
23.Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Саяхатқа баратынымызды хабарламақ болып, сынып жетекшіні іздедім. В) Бұл күнде ел де өзгерді, адамдар да өзгерді. С) Күз түсті, күн салқындады. Д) Бүгін біз төрт сабақ оқыдық және оқушылар жиналысы болды. Е) Күн суық, әрі қар борап тұр.
24. Шартты сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Не ексең, соны орарсың. В) Күз келді де, жаңбыр жауды. С) Сабақ ерте басталғанда, ерте бітеді. Д) Мұғалім айтқанда, ол жазады. Е) Ол көп уайымдап, үйге келді.
25. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын табыңыз.
А) Қашанға дейін? В) Не себепті? С) Неге? Д) Неліктен? Е) Не мақсатпен?