Сеніменен атаң - әжең нәрленді,Әр қылығың ана жүзге әр берді.Сен арқылы бесік жақтан әкеңніңҚұлағына шырылдаған ән келді.
Әдемі ән еді, бәрі бірге тыңдады,Қуанысты, жүрек шат боп жырлады.Сенің әнің ал анаңның талай түнТыныштығын төрт бөлгізіп ұрлады.
Анаң әр кез сені жақсы көретін,Әлдиімен саған ән сап беретін.Қаз - қаз тұрды сосын оның бөбегіБесігінде түн ұйқысын бөлетін.