Жігітті жолдасына қарап бағала дегенді қалай түсінесіздер?

0 голосов
211 просмотров

Жігітті жолдасына қарап бағала дегенді қалай түсінесіздер?


Қазақ тiлi (14 баллов) | 211 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Әдетте, өз-ара сыйлас, дос-жаран, көңіл жықпас адамдардың ой-көзқарастары, білім-парасаттары, мінез-қасиеттері деңгейлес, ұқсас болып келеді. Бір-біріне ықпалы тиіп отырады. Осы сәйкестіктері арқылы бірін сынай отырып, екіншісін танып-білуге болады  деген мағынаны аңғартады.
Ертеде бір данышпан қария болыпты. Бір күні қартқа бір жігіт келіп:
— Ақсақал, осы мен қандай жігітпін, сынаңызшы, — депті.
Қарт әуелі жігіттің жолдасын шақыртып алып, әр түрлі істермен сынап, ақырында жігіттің өзін шақыртады. Жігіт келген соң:
— Шырағым,  жаман жігіт көрінбейсің,  адамшылдығың да,  ақылың да мол   екен, — депті.
— Қалайша олай дейсіз, мені сынап, байқап та көрген жоқсыз ғой? – десе, қарт күліп:
— «Жігітті жолдасына қарап бағала» демей ме халық, — деген екен.

(44 баллов)