Электронды пошта арқылы бүкіл әлеммен байланыс жасай аламыз. Неткен керемет! Біздің ата-аналарымыз біздей кезінде бұндайды білмеген. Қазір электрондық пошта арқылы тек хат жазу ғана емес, бетпе-бет сөйлесесің, үйден шықпай-ақ сауда жасай аласың, көптен хабарласпаған достарыңды іздеп табасың, өмірдегі барлық жаңалықтарды білесің, ия санай берсең сан жетпейді. Электрондық пошта жоқ кезде, адамдар қалай өмір сүрді екен деп таңқаласың.