Бүгін менің туылған күнім. Менің отбасым маған үлкен сыйлық дайындады. Олардың сыйлығы: інім маған арнап өлең жазыпты. Оның өлеңі жүрек түбінен шыққан, бауырдың апасына деген ақ тілектері әр шумақтан айқын көрініп тұр. Әкешім үлкен торт сыйлады. Анашымның пісірген бауырсағы барлығымызға ұнайтынын білгендіктен, бүгінгі мерекелік дастарғанда анам пісірген ақ бауырсақ болды. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай менің туылған күнім аяулы отбасыммен бірге, ақ дастархан басында тойлануда.