1. Тырнақшаға алынып жазылатын жалқы есімді көрсетіңіз.
А) Абай, Балбырауын. В) Іле, Лепсі. С) Амангелді,Ақбота. Д) Қарағанды, Жетісу. Е) Балқаш, Зайсан.
2. Негізгі зат есімді табыңыз.
А) Егін. В) Балықшы. С) Әке. Д) Кітапхана. Е) Бұрғы.
3. Шығыс септігіндегі зат есімді табыңыз.
А) Сабақтар. В) Табысқа. С) Дәрігерден. Д) Гүлді. Е) Оқушының.
4.Түбір сөздер қатарын табыңыз.
А) Күйші, биші. В) Қалқатай, шырағым. С) Іні, аға, көке. Д)Әнші, суретші. Е)Анашым, әкетай.
5. Асыл тастармен жұмыс істейтін адамды белгілеңіз.
А) Ұста В) Зергер С) Дәрігер Д) Мүсінші Е) Ұстаз
6. Ілік септігіндегі зат есімді табыңыз.
А) Түлкі. В) Радиодан. С) Иттер. Д) Терезенің. Е) Ағашқа.
7. Әкеңнің шешесі сізге кім болатынын анықтаңыз.
А) Әпке. В) Тәте. С) Туыс. Д) Нағашы әже. Е) Әже.
8. Жануарлардың ұйқыға кететін мезгілін көрсетіңіз.
А) Күз. В) Көктем. С) Жаз. Д) Қыркүйек. Е) Қыс.
9. Үй ішіне қатысты сөздерді табыңыз.
А) Қабырға, төбе, есік В) Тұлпар, күн сәулесі С) Дәптер, кітап, сызғыш Д) Емен, қайың, шырша Е) Бөлме, қабат, терезе
10. Қыстың өзіне тән белгісін атаңыз.
А) Жауын. В) Жел. С) Шөп. Д) Жаңбыр. Е) Қар.
11. Анаңның анасы сізге кім болатынын анықтаңыз.
А) Тәте В) Апа С) Әке Д) Нағашы әже Әпке
12. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.
А) Көл. В) Құс. С) Көлшік. Д) Төсек. Е) Қой.
13. Жаз айын белгілеңіз.
А) Маусым В) Ақпан С) Қыркүйек Д) Қазан Е) Мамыр
14. Қай түбір сөзге қосымша дұрыс жалғанғанын көрсетіңіз.
А) Күйшы. В) Қобызші. С) Домбырагер. Д) Биші. Е) Сауынші.
15. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.
А) Дәптерлер. В) Сыныбым. С) Оқулық. Д) Жүр. Е) Сен.
16. Отбасы тақырыбына жатпайтын сөздер.
А) Әке. В) Апа. С) Қол. Д) Қарындас. Е) Шеше.
17. Түбір сөзді табыңыз.
А) Асхана. В) Түн. С) Қалада. Д) Көрсеткіш. Е) Түндік.
18. Қыс айларын анықтаңыз.
А) Қаңтар, ақпан. В) Маусым, шілде. С) Қазан, тамыз. Д) Наурыз, сәуір. Е) Мамыр, қыркүйек.
19. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.
А) Таулар. В) Доп. С) Ала-құла. Д) Аурухана. Е) Қара.
20. Түбірлес сөздерді табыңыз.
А) Тал, қамқор. В) Құлыншақ, бота. С) Жұмыс, жұмыскер. Д) Зат, доп. Е) Қалам, бақша.
21. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.
А) Үйдің. В) Көшеге. С) Даңғылдан. Д) Кітапхана. Е) Салтанатпен.
22. Киіз үй сөз тіркесіне қойылатын сұрақты табыңыз.
А) Қашан? В) Қайда? С) Неге? Д) Ненің? Е) Не?
23. Түбір сөзді табыңыз.
А) Кәмпиттер. В) Бауырының. С) Ақылың. Д) Дастарқанға. Е) Ақыл.
24. Түбірлес сөздерді табыңыз.
А) Жаз, орман. В) Орман, арман. С) Доп, ойыншық. Д) Түн, түндік. Е) Ақ, аға.
25. Мектепке қатысты сөздерді табыңыз.
А) кең, таза, суретші В) сынып, қабат, жарық С) әдемі, сұлу, көрікті
Д) шебер, тігінші, қоғам Е) көше, даңғыл, шағын аудан