Напишите пожалуйста сочинение ** казахском языке про Казахстан.

0 голосов
106 просмотров

Напишите пожалуйста сочинение на казахском языке про Казахстан.


Қазақ тiлi (201 баллов) | 106 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан (орыс. Казахстан немесе Республика Казахстан) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.2013 жылдың ортасына елдегі тұрғындар саны - 17 010 000 адам [5],бұл әлем бойынша 62-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).Елдің астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі.Басқару түріне байланысты - Президенттік Республика. 2011 жылдың 15 қаңтарында өткен Президенттік сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды (бұл қызметте 1990 жылданбері).Атқарушы орган Үкімет басшысы - Серік Нығметұлы Ахметов.Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[6]. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізіменшайылады[7].Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларнадейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегіҚызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздергешыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.Қазақстанның ұлттық құрамы алуан түрлі. Халықтың үлкен бөлігінқазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 63.1%, орыстар - 23.6%,украиндар - 2.9%, өзбектер - 2.8%,немістер - 1.5% ұйғырлар - 1.4%,татарлар - 1.3%, басқа халықтар - 4.3%.[8] Халықтың 70 пайызынмұсылмандар құрайды, проваславты христиандар - 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.[9]Экономикалық көрсеткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі - құрайды. Экономиканың негізгі бағыты отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауылшаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы - теңге.1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатарЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына жәнеЕуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнешехалықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.
(40 баллов)