Үш апалы-сіңлілілер.( көкөністен жасалған долма) Бұл үшін алтыжүз г фаршты (еттартқыштан өткізілген етті) майдалап туралған жуамен қуырамыз. Үш баклажанды бөлек пісіріп,қуырамыз, үш болгар бұрышын және үш қызанақты дайындаймыз.
Сонан кейін көкөніске фаршты саламыз, онан соң бәрін табаға орналастырамыз. Әрбір көкөністі сыртынан қаймақпен жағып, бір тал базиликадан қоямыз. Үстінен аздаған су құйамыз, кішкене май салып, духовкаға жәй отқа қоямыз.