Айқындауыш — айқындайтын сөзінің жетегінде қосарлана айтылып, оның мазмұнын ашып тұратын сөз не сөздер тобы.
Оңашаланған айқындауыштар, қосарлы айқындауыштар және қосалқы айқындауыштар болып бөлінеді.
Қосалкы Айқындауыш — зат есімдердін (көбінесе кісі аттарынын) қосымша сипаты, анықтамасы ретінде жұмсалатын сөздер: Жамбыл ақын, Қамбар батыр.Қосарлы Айқындауыш — айқындайтын сөзіне қосақталып келіп, оның мағынасын нактылап тұратын сөздер: телефон-автомат, батыр-ұшқыш. Кейде, жазуда арасына дефис белгісі қойылады.Онашаланған Айқындауыш — өзі қатысты сөзінен кейін тұрып, көтерінкі әуенмен айтылып, айқындайтын сөзінін заттық, мекендік, мезгілдік т.б. мағыналарын саралап, дәлдеп, нактылап тұратын сөздер: Мэкии өз туысына, інісіне, тамашалай қарады (М. Әуезов). Бір үйден,бір кісінің қасынан, мұншалық көп кітап көргені осы (М. Әуезов). Жазуда екі жағынан үтірмен бөлінеді.