Адыраспан. Маңғыстаудың барлық аймақтарында кездеседі. Оның биікт. 30-60 см-дей. Мамыр, шілде айларында гүлдейді. Жемісі қоңыр түсті, ірі ұрығы бар шар тәріздес қауашақ. Негізінен ескі жұрт маңдарында өседі.
Химиялық құрамы. Құрамындаулы гармин және гармолин алкалоидтары, ал гүлі мен бұтағында пеганин алколоиды болады. Адыраспан улы өсімдік, сондықтан оны тек дәрігерлердін нұсқауымен ғана аса сақтықпен пайдалану керек.
Қолданылуы. Емдік мақсатқа адыраспанның шөбін яғни бұтақтарын, жапырақтары мен гүлдерін пайдаланады. Адыраспан - ежелден белгілі дәрілік өсімдік. Әбу Әли Ибн Сина оны сегізкөз жүйкесінің қабынуы кезінде болатын шаншуларды басатын дәрі ретінде пайдаланған.