Переведите плиз. Қазақ халқының өмірінде қара шаңырақтың маңызы зор. Ол атадан балаға мұраға қалдырып отырылған. Шаңырақ арқылы ұрпақтан ұрпаққа ата-бабалар рухы, күші жалғасады деседі. Шаңырақ-үй, əулет мағынасында пайдаланылады. Негізі шаңырақ екі бөлшектен тұрады: шеңбер және күлдіреуіштен. Киіз үйдің басқа бөлшектері талдан жасалса, шаңырақ қайыңнаң иіліп жасалады. Ол үшін қайыңды жаздың ортасында кесіп алады. Бұл кезде қайыңның шырыны мол, сондықтан оны кептірмей, шеңбер иеді. Шеңберге уық сұғынатын қаламдық тесіледі. Күлдіреүіш жарты ай сияқты болады, ол шыбықтардан иіледі. Күлдіреуіш арқылы үйге жарық түседі, түтін содан шығады. Шаңырақ, есік "тіс", "қошқар мүйіз" оюлармен бедерленеді.