Сыбаға --қадірменді ,сыйлы адамға арнайы сақталған соғым еті.
Қонақасы -қонаққа арнап әзірленген тағам, ас.
Қалжа---жас босанған әйелге арналып сойылған малдың жас еті.
Бас тарту---сыйлы қонақтарға алыстан келген құрметті кісілерге сойылған мал басы малға бата жасаған жасы үлкен кісінің алдына қойылады
Соғым--бұл әр жыл сайын қайталанып отыратын қыстық азық-түліктің мол қоры.Оған түйе ,жылқы , сиыр, сияқты ірі мал сойылады.