"Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас" деген өлең жолдарына ой жүгіртсек: жәй уақытта біз бір минуттқа мән бермейміз. Сол бір минут ішінде жер бетінде қанша сәби дүниеге келеді десеңізші, ал қанша адам дүниемен қоштасады. Міне, сондықтан біз біздің өміріміз уақыттан тұратынын, уақыт сағаттан ал, сағаттың минуттан тұратынын ұмытпауымыз керек екен-ау. Мынау өлең жолдары бізге уақытты босқа өткізбе, деп ескерткендей.